Соңғы жаңалықтар

Кіру сайты

Алматы облысы әкімдігінің
2016 ж. « 8 » шілде
№ 364 қаулысымен бекітілді

«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі Алматы облысының аумағындағы халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Алматы облысының әкімдігі болып табылады.
3. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есепшоттары бар.
5. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен, мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, № 26 .
10. Мемлекеттік органның толық атауы:
«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметі жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.
13. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында, шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға жәрдемдесу.
15. Міндеттері:
1) халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік
саясатты icкe асыру;
2) жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы салааралық
үйлестіру және мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады;
3) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
16. Функциялары:
1) жұмыспен қамту және мұқтаж азаматтарды әлеуметтік қолдау мақсатында нормативтік-құқықтық актілер әзірлейді;
2) әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның жұмысын үйлестіреді;
3) қалалық, аудандық деңгейде бекітілген салалық және өңірлік келісімдерді тіркейді;
4) аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен, жұмыспен қамту орталықтарымен және медициналық-әлеуметтік мекемелермен өзара байланысты, әдістемелік және ұйымдастырушылықты жүзеге асырады;
5) еңбек рыногының бірыңғай ақпараттық базасын құру негізінде жұмыс
күшіне сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжам жасайды, халықты және
Қазақстан Республикасының жоғарғы органдарын өңірдегі еңбек рыногының
жай-күйі туралы хабардар етеді;
6) халықты және оралмандарды жұмыспен қамтудың өңірлік бағдарламасын, облыс халқын жұмыспен қамтуды жетілдіру жөніндегі ic-шаралар жоспарын әзірлеуге қатысады және жүзеге асырады;
7) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
8) этникалық қазақтардан оралман мәртебесін беруге өтінішін тікелей және Мемлекеттік корпорация арқылы» қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды;
9) оралман мәртебесін беру туралы шешім шығарады;
10) оралман куәлігін береді;
11) оралмандарды уақытша орналастыру орталықтарын құрады және олардың қызметін ұйымдастырады;
12) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкілетті орган бөлген квота шегiнде, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлік аумағында, сондай-ақ квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаттар бередi, сондай-ақ көрсетiлген рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады;
13) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын шетелдiк қызметкерлерге халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бөлген квота шегiнде тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлік аумағында жұмысқа орналасуға рұқсаттарды бередi, сондай-ақ көрсетiлген рұқсаттарды тоқтата тұрады және қайтарып алады;
14) мүдделі органдармен бipгe мамандарды даярлау және оларды жұмыска
орналастыру қажеттілігін анықтайды;
15) облыстағы еңбек рыногының бірыңғай ақпараттық базасын
жасақтайды;
16) арнаулы әлеуметтік қызметтердің жүзеге асырылуына мониторинг жүргізеді;
17) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шараларды қабылдау;
18) арнаулы әлеуметтік қызметтерді және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру;
19) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз ету, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
20) бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін қызмет алушыларды стационарлық және үлгідегі жартылай стационар жағдайындағы ұйымдарға жіберуге жолдама беру;
21) облыстың коммуналдық заңды тұлғаларын басқару жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
22) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларының мониторингінің
icкe асырылуын жүзеге асырады ;
23) атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіру және жүзеге асыру, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау жөніндегі заңдарды іске асырады;
24) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) әлеуметтік көмекке үміткерлерден Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес талап етілген құжаттарды сұратуға, сондай-ақ ұсынылған құжаттардың растығын тексеруді жүзеге асыруға;
2) мемлекеттік және басқа да органдардан «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттарды сұрауға және өтеусіз негізде алуға;
3) белгіленген тәртіпте «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша конференциялар, семинарлар және жиналыстар жүргізуге;
4) ішкі пайдалануда қолдануға ұсынылған құжаттардың көшірмелерін растауға;
5) әдістемелік құралдарды басып шығаруға;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшылығы басқарма басшысы, жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты.
19. Басқарманың басшысын Алматы облысы әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекеме басшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүдделерін қорғайды;
3) шарттар жасасады;
4) сенімхаттар береді;
5) Іссапарлар, сынақтар, қызметкерлерді оқу орталықтарында оқыту және олардың біліктілігін көтеру бойынша мемлекеттік мекеменің тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
6) барлық қызметкерлерге міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
7) мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне ынталандыру және тәртіптік жаза шараларын қолданады;
9) Мемлекеттік мекеменің қызметкерлері мен өз орынбасарларының міндеттерін және уәкілеттік шегін анықтайды;
10) Заңдар және осы Ереже «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
11) Мемлекеттік мекемеде жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолданады және жемқорлыққа қарсы шаралар қолданбағаны үшін жеке жауапты болады.
«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Басқарма басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

23. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

26. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1) «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ақ ниет» Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Аяла» Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қамқор» Талдықорған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4) «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Шапағат» Текелі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5) «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Аманат» Есік арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6) «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қапшағай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7) «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қоғалы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8) «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9) «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Нұр» Сарқан арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
10) «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Бәйтерек» күндіз болу орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
11) «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Үміт» күндізгі болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
12) «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Қаратал күндізгі болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Алматы облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының басшысы

EXPO 2017

3
25let
expo2017 logo kz
egov kz
Халықты жұмыспен қамту және Жұмыспен қамту 2020 жол картасының іске асырылу барысы
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына Жолдауы
1512
Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары
Жұмыспен қамту 2011-2020
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы

 


 

Сот кабинетінің sovet ru ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ Қазақстан республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ресми интернет қоры akorda kz modernization kz