Соңғы жаңалықтар

Кіру сайты

 Зайда Әбдімаманқызы ИЛИМЖАНОВА

 Зайда Әбдімаманқызы ИЛИМЖАНОВА

1967 жылы туған. Алматы халық шаруашылығы институтын экономист, Талдықорған сыртқы заң институтын заңгер мамандықтары бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын Талдықорған су құрылысы тресінің инженері болып бастаған. Ұзақ жылдар бойы Алматы облысының салық жүйесі саласында жұмыс істеді. Әр жылдары Талдықорған қаласы бойынша мемлекеттік салық инспекциясының инспекторы, бөлім бастығы, инспекция бастығының орынбасары, Талдықорған қаласы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары, Қаратал аудандық салық комитетінің төрағасы, Алматы облысы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары, Текелі қаласы бойынша салық басқармасының басшысы, Алматы облысы бойынша салық депатраменті басшысының орынбасары, Ескелді ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болып
қызмет атқарған.
2017 жылдың 10 мамырынан – Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.

 

 

aitjanov


Сәния Дүйсенбіқызы НАУРЫЗБАЕВА

1973 жылы 13 қарашада Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қопа ауылында дүниеге келген.
1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын маркетинг және коммерция мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1995 жылы Алматы облысының еңбек және жұмыспен қамту бас басқармасының бейімдеу бөлімінің маманы болып бастаған.
1996-1997 жылдары - кәсіптік даярлау бөлімінің бас маманы;
1997-1999 жылдары - жинақтау-ұйымдастыру жұмыстары секторының жетекші маманы, бас маманы;
2002-2008 жылдары - облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының жұмыспен қамту ісі жөніндегі бөлімінің бас маманы;
2008-2013 жылдары облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының халықты жұмыспен қамту бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2013 жылдың қыркүйегінен – Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары.
Тұрмыста, үш бала тәрбиелеуде.

 

 

aitjanov


Ерке-бұлан Ерденұлы ӨМІРЗАҚОВ

1977 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2002 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін АӨК экономика және менеджмент мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2001 жылы Алматы қаласындағы «Dream club» ЖШС-нда маркер болып бастаған. 2006 жылы – Алматы облыстық қаржы басқармасына жетекші маман болып қабылданып, бас маман, бөлім бастығы лауазымдарын атқарған, 2009 жылы басқарма бастығының орынбасары болып тағайындалған. 2012 жылы - «Ғылым қоры» акционерлік қоғамының қаржы – экономикалық департаментінің директоры, 2013 жылы - «Сентрас Иншуранс» СК АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры қызметтерін атқарған. 2014 жылдың ақпанынан Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары.

 

 

 

 

EXPO 2017

3
25let
expo2017 logo kz
egov kz
Халықты жұмыспен қамту және Жұмыспен қамту 2020 жол картасының іске асырылу барысы
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына Жолдауы
1512
Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары
Жұмыспен қамту 2011-2020
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы

 


 

Сот кабинетінің sovet ru ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ Қазақстан республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ресми интернет қоры akorda kz modernization kz