Кіру сайты

161017 1Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Илимжанова Заида Әбдімананқызы мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры Иманғалиев Самат Сайлаубекұлы екеуінің тікелей қатысуымен бірлескен дөңгелек үстел отырысы 2017 жылы 13 қазанда өтті. Отырысқа «Оралман мәртебесін» беру мемлекеттік қызметті көрсетумен айналысатын қызметкерлер қатысты. Дөңгелек үстелде «Оралман мәртебесін беру» бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрінде туындайтын келеңсіздіктердің алдын алу мәселесі жан-жақты талқыланды.

Алматы облысына 1991 жылдан бастап 2016 жыл аралығында 54969 отбасында  188385 этникалық   қазақтар  көшіп келіп қоныстанды.

2011 жылға дейін 15358 отбасында 78603 оралман көшіп келу квотасына енгізіліп баспанамен қамтамасыз етілді. 39611 отбасы 109782 оралман квотадан тыс өз күштерімен орналасып өз қаражаттарына баспана сатып алып қоныстанды. 

Қоныстанған оралмандардың 77281-і Өзбекстаннан, 62417-і Қытай Халық Республикасынан, 21337-і Моңғолиядан, 2195-і Түркменстаннан, 1877-і Ресейден, 1440-ы Қырғызстаннан, 1718-і Түркиядан, 198-і Тәжікстаннан, 446-ы Ираннан, 81-і ТМД елдерінен, 507-і тағы басқа шетелдерден  көшіп келді.

Алматы облысына 1991 – 2015 жылдары аралығында 50524 отбасы оның ішінде 179802 отбасы мүшелері көшіп келіп қоныстанды. Олардың ішінен 15358 отбасы 78603 отбасы мүшелері оралман көшіп келу квотасына енгізіліп оларға баспана сатып алуға республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, біржолғы жәрдем ақысы және жол шығындары төленді.

Алматы облысына алыс - жақын 18 шет елден этникалық қазақтар көшіп келіп қоныстанады. Соның ішінде: Өзбекстан Республикасынан 74544 оралман, Қытай Халық Республикасынан 56893 оралман, Моңғолия Республикасынан 17573 оралман қоныс аударды.

20150619_152221Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және Қапшағай қаласы мен Кербұлақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, жұмыспен қамту орталыктарының  мамандары құрамында Қапшағай қаласында 2015 жылы 19 маусымда Қапшағай қаласында Жұмыспен қамту орталығың ғимаратында дөңгелек үстел өткізілді. 

Күн тәртібіндегі екі мәселе бойынша Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы көші-қон бөлімінің басшысы Аниза Қуанышқызы Югоспаева баяндама жасады. Ол Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі №477-IV «Халықты көші-қоны» туралы заңын және оралмандарды «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері мен «Оралман мәртебесін» беру үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін жан жақты түсіндірді.

EXPO 2017

3
25let
expo2017 logo kz
egov kz
Халықты жұмыспен қамту және Жұмыспен қамту 2020 жол картасының іске асырылу барысы
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына Жолдауы
1512
Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары
Жұмыспен қамту 2011-2020
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы

 


 

Сот кабинетінің sovet ru ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ Қазақстан республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ресми интернет қоры akorda kz modernization kz