Соңғы жаңалықтар

Кіру сайты

Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ММ «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекетік қызметшілері арасындаішкі конкурс жариялайды

Индекс 040000, Талдықорған қ, Қабанбай батыр көшесі 26, 406 кабинет, тел: 8/7282/32-96-75 Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. БСН: 970740001231

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланған күннен кейінгі күннен бастап 3 жұмыс күннің ішінде.
Қажетті құжаттардың тізбесі:
1) өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Әңгімелесу өтетін орны: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі 26,4 қабат.

1. Әлеуметтік көмек және мүгедектермен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы, 1 бірлік, санаты D-O-3 (№ 5-1)


Жалақысы: Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 109932 теңгеден 148242 теңгеге дейін.
Лауазымдық міндеттері:Бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, негізгі және перспективалық бағыттарын анықтайды,бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі, өз құзыреті шегінде міндетті орындау үшін бөлім қызметкерлеріне тапсырмалар береді, сондай-ақ басқарма басшылығының ұйымдастыру мәселелері бойынша тапсырмасын уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді. Республикалық және жергілікті бюджеттен әлеуметтік көмектің барлық түрлерін төлеуге бағытталған қаражаттардың дұрыс және мақсатты жұмсалуын бақылайды.
Халықтың тұрмыс деңгейін көтеруге бағытталған бағдарламалардың жобасын, әлеуметтік төлемдерге бағытталған стратегиялық жоспарларды әзірлеу, әлеуметтік қорғау саласындағы қолданыстағы Заңдарды жетілдіруге байланысты жоғары тұрған органдарға ұсыныс береді.
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөнінде ай сайын деректерге салыстырмалы талдау жүргізілуін, сондай-ақ әлеуметтік көмектің тиімділігіне мониторинг кестесінің жасалуын (талдау кестелерінің құрастырылуын) қамтамасыз етеді. Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру жұмысын жүргізуді үйлестіреді.
Мүгедектерді оңалту бағдарламасының орындалуын қадағалап, оның негізінде облыстық мүгедектерді оңалту бағдарламасын дайындау, соған байланысты қабылданған шаралардың орындалуын қадағалау және облыс бойынша ақпарат жиынтығын дайындайды.
Бөлім қызметіне сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiңтехникалық ерекшелiгiн дайындау, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға жауапты бөлімге ұсыну, сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтердіңтехникалық ерекшелiктерінің сәйкестігін қарап, келісім-шартта белгіленген мерзімде қабылдап алуды және олардың берілуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде үкіметтік емес ұйымдарының әлеуметтік маңызы бар жобаларын орындау бойыншатехникалық ерекшелiгiн дайындайды, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға жауапты бөлімге ұсынады.
ҰОС ардагерлеріне коммуналдық қызметтеріне өтемақы төлеу және осы санатқа қосымша әлеуметтік көмектің түрлерін кеңейту жөнінде ұсыныстар дайындайды, осы бағыттағы жұмысты қадағалайды.
Облыс әкімдігімен мүгедектер мәселелері бойынша үйлестіру кеңесін ұйымдастырады, отырыстың күн тәртібіне байланысты материал дайындайды. Семей ядролық полигон аймағында тұрған азаматтарға біржолғы берілетін жәрдемақыны төлеуге байланысты қажеттілік дайындап, министрлікке ұсыныс беруді қамтамасыз етеді.
Мүгедектер мәселесі бойынша үкіметтік емес ұйымдармен өзара байланыс орнатады.Әлеуметтік сала бойынша облыстың дамуы туралы кешенді бағдарламаны дайындауды қамтамасыз етеді.Аналитикалық мәліметтер, семинарларға баяндамалар даярлайды.
Аудандық, қалалық бөлімдердің қызметкерлеріне семинарлар мен оқыту өткізуді ұйымдастырады.Бұқаралық ақпарат құралдарында бөлімнің жұмысына байланысты материалдардың жариялануын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 12.01.2007 жылғы № 221-III заңына сәйкес, өз құзыреті шегінде бөлімге келіп түскен азаматтардың хаттары мен шағымдарын, қажет болған жағдайда орынға шығу арқылы қарайды.
Жұмыс барысында «Notes бірыңғай электрондық құжаттама», «E-Қызмет» ақпараттық жүйелерін, Word, Excel, E-mail, Internet және т.б. кеңселік бағдарламаларын қолданады.
Білімі, мамандығы, жұмыс тәжірибесі, кәсіби біліктілігі:
Жоғары білім: құқықтық, экономикалық, білім, гуманитарлық ғылымдар, қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс) саласында

 

D-О-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;*
6) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы.*
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілі.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президент туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:
Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін 2 сағат бұрын кешіктірілмей береді.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беріліуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасы Нысан

EXPO 2017

3
25let
expo2017 logo kz
egov kz
Халықты жұмыспен қамту және Жұмыспен қамту 2020 жол картасының іске асырылу барысы
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына Жолдауы
1512
Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары
Жұмыспен қамту 2011-2020
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы

 


 

Сот кабинетінің sovet ru ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ Қазақстан республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ресми интернет қоры akorda kz modernization kz