Кіру сайты

«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды

БСН: 970740001231, индекс 040000, Талдықорған қ, Қабанбай батыр көшесі 26, тел: 8/7282/32-96-75, электрондық адресі: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.,
D-О-4 ****мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президент туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;**
6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы.**

I. Әлеуметтік бағдарламаларды талдау және жинақтау бөлімінің бас маманы, 1 бірлік, санаты D-O-4 (№ 9-2)
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112 431 теңгеге дейін.
Жоғары білім: экономикалық, құқықтық саласында
Лауазымдық міндеттері: Басқарманың қызметін жүзеге асыру үшін, бөлімдерді нормативтік құқықтық құжаттармен, заңдармен қамтамасыз етеді, және енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы ақпараттарды береді.Басқарманың қызметін жүзеге асыру бойынша, нормативтік - құқықтық актілерді есепке алу және енгізу жөніндегі жұмыстарды, заңнамаларды үйлестіреді.
Басқарма қызметіндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді, заңды құжаттардың құрастырылуына құқықтық көмек көрсетеді және Қазақстан республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, іс-шараларды әзірлейді. Жалпыға бірдей құқықтық оқытуды және Қазақстан Республикасы Заңының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл" жөніндегі іс-шаралардың өткізілуін, және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мониторингінің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес, басшыға қол қоюға ұсынылатын бұйрықтардың жобаларын, бөлім ережелерін, лауазымдық нұсқаулықтардың және өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың тексерілуін жүзеге асырады.Басқарма қызметкерлері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға әр түрлі құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді, және нормативтік-құқықтық құжаттардың құрылуына құқықтық көмек көрсетеді.
Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар және ведомстволық бағынысты ұйымдарының ережелерін бекітеді және келіседі. Облыс әкімдігінің ережелері мен қаулыларын, жұмыспен қамту және әлеуметтік сала бойынша әр түрлі комиссиялардың құрылуы туралы мәселелердің жобаларын келіседі. Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын қарайды және ұсыныстар енгізеді. Бөлім жұмысының жүзеге асыруда заңдылықтың сақталуын бақылайды.
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді веб-порталда мемлекеттік сатып алу бойынша және мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша әлеуетті жабдықтаушылармен жүргізілетін келісім-шарттарды дайындайды. Заңда белгіленген тәртіппен құқықтық мәселелерді қарау кезінде, сот және басқа да органдарда басқарма мүддесін қорғау.
Басқармаға бақылаушы органдардан келіп түскен ұсынымдарды, наразылықтарды есепке алуды, оларды қарауды қамтамасыз ету. Түскен ұсынымдарға, наразылықтарға жауап дайындайды. ҚР заңнамасына сәйкес, шарт дауларын реттеудің тәртібін сотқа дейінгі тәртіпте сақтау бойынша шараларды қабылдайды. Талап-арыз өтініштерді, материалдарды сотқа беруге дайындайды. Облыс әкімінің түрлі комиссия, жұмыспен қамту және әлеуметтік сала бойынша сұрақтарды құру жөніндегі, қаулылар және ережелердің бекітілуімен келіседі.
Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 12.01.2007 жылғы № 221-III заңына сәйкес, өз құзыреті шегінде бөлімге келіп түскен азаматтардың хаттары мен шағымдарын қарайды.
Жұмыс барысында «Notes бірыңғай электрондық құжаттама», «E-Қызмет», ақпараттық жүйелерін, Word, Excel, Internet және т.б. кеңселік бағдарламаларын қолданады.
Басқарма басшысының өзге де тапсырмаларын орындау.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күн ішінде.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгiмелесу өткiзудiң мерзiмi мен орны: Жалпы конкурсқа қатысып және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі 26, 4 қабат мекен-жайы бойынша, әңгімелесуден өтетін болады. Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар мен сарапшылардың қатысуы:
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының қосымшасы

Соңғы жаңалықтар

gos sl kz

etikagos sl ru

"АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ
ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК
БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ"
ММ СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ 
8 (7282) 32-92-61