Кіру сайты

Аз қамтылған азаматтарға атаулы әлеуметтәк көмек 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы ретінде және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек түрінде көрсетіледі. Сонымен бірге, тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттік қолдаудың төмен болуы көмек алушыларды кедейліктен шығуға ынталандырмайды.
Бұл бағытта әлеуметтік көмек пен қолдаудың идеологиясы өзгерді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, әлеуметтік қолдау шараларын атаулылығын күшейту үшін әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінде оңтайландырылу және жаңғырту жұмыстары өткізілді.


2018 жылдың1 қаңтардан бастап қазіргі ұсынатын үш түрлі әлеуметтік төлемдер орнына (арнайы көп балалы отбасылар үшін мемлекеттік жәрдемақы, 18 жасқа дейінгі балалар үшін мемлекеттік балалар жәрдемақысы, атаулы әлеуметтік көмек) атаулы әлеуметтік көмек жаңа форматы енгізілетін болады. Оның мәні, шындығында қиын жағдайға тап болған және объективті себептерге (жасы, денсаулық жағдайы, мүгедектік және өзге әлеуметтік осалдық) байланысты осы жағдайдан шыға алмайтын азаматтарға шартсыз көмек ұсынылатын болады. Еңбекке қабілеттілікті сақтаған,көмек алушы үміткерлері белсенді бағдарламаларға қатысушысына қолдау шартты ақшалай түрінде көрсетілетін болады(кәсіби дайындық, әлеуметтік жұмыс орындарын құру , жұмысқа орналастыру және т. б).
«Өрлеу» пилоттық жобасында табысы аз азаматтардың санатын әлеуметтік қорғаудың актив моделіне өтуі қарастырылған.
«Өрлеу» жобасы – отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның) әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына (адамға) шартты ақшалай көмек (бұдан әрі – ШАК) беру бағдарламасы.
Шартты ақшалай көмек (ШАК) – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарт талаптары бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем.
Облыс бойынша 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап «Өрлеу» пилоттық жобасы Еңбекшіқазақ ауданында жүргізілді.
2015 жылы Еңбекшіқазақ ауданында «Өрлеу» жобасына қатысуға тілек білдірген 257 аз қамтылған отбасының 1449 адамына - 31,0 млн. теңге тағайындалып төленді.
Жобаға қатысуға тілек білдіргендердің ішіндегі 354 еңбекке жарамды азаматтардың 286-ы тұрақты жұмысқа орналасу, 72-і ақылы қоғамдық жұмысқа қатысу арқылы тартылды.
Жобаға қатысу арқылы шартты ақшалай көмек алған отбасылары ішінен 1 отбасы нан пісіретін пеш, 1 отбасы шағын тігін машинкасын және тағы 1 отбасы дәнекерлеу аппаратын сатып алып түрлі жұмыстарын жасауда, бірқатар отбасылары ірі-ұсақ малдар сатып алып, өсіріп өнімін сатып табыс тауып өз отбасыларының белсенділігін арттырды.
Жобаға қатысушылар атаулы әлеуметтік көмектің орнына шартты ақшалай көмек алып, аз қамтылған отбасы деңгейінен шықты.
Еңбекшіқазақ ауданында жүргізілген «Өрлеу» жобасы бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларының нәтижесінде әлеуметтік көмек алушылардың саны 200-ден астам адамға азайды, өз бетімен жұмыспен қамтылғандардың саны 418 адамнан 261 адамға дейін және жұмыссыздық деңгейі де азайды.
2016 жылы 423 табысы аз отбасы (2277 адам) «Өрлеу» жобасына өтінішін тапсырып, оның ішінде 541 еңбекке қабілетті адамдардың ішінен, 497 адам тұрақты жұмысқа және 7 адам «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының белсенді шараларымен қамтылды және 37 адам қоғамдық жұмысқа жіберілді.
2017 жылы "Өрлеу" жобасы облыстың барлық аудан, қалаларында жүргізіліп, барлығы 830 отбасы, олардың 4152 отбасының мүшелері қатысады деп жоспарланған.
2017 жылдың 1 – қыркүйегіне 1271 табысы аз отбасы (7463 адам) «Өрлеу» жобасына өтінішін тапсырып, оның ішінде 913 адам тұрақты жұмысқа, 347 адам қоғамдық жұмысқа, 49 адам әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа жіберілді және 169 адам қысқа мерзімді оқуға, 3 адам жастар практикасына жіберілді және 1 адам «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша несие алды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

 

EXPO 2017

3
25let
expo2017 logo kz
egov kz
Халықты жұмыспен қамту және Жұмыспен қамту 2020 жол картасының іске асырылу барысы
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына Жолдауы
1512
Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары
Жұмыспен қамту 2011-2020
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы

 


 

Сот кабинетінің sovet ru ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ Қазақстан республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ресми интернет қоры akorda kz modernization kz