Сенбі, 06 Маусым 2020

Телефон доверия каз

Послание президента каз

663a58473bc07ee674779f941298f74e

Открытое правительство каз

721edbbd1964d5faf421974498d929d2

74216485ab0522b72c9ceb003e3af776

21e14ed58333b521b8fd36468f158e8c

ba7cb39a9b44ce71a304250330457f56

2020 жылға Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде 5,7 млрд.теңге бөлінді. Оның ішінде: жаңа бизнес идеяларды дамытуға 200 АЕК мөлшерінде 1645 адамға 804,3 млн.теңгеге мемлекеттік гранттар қарастырылды.

Мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлайтын «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.

Техникалық және кәсіптік орта білім, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткен, «Еңбек» бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде оқытуды аяқтаған және бұдан бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде гранттар алмаған «Еңбек» бағдарламасына қатысушылар, сондай-ақ қоныс аударушылар мен оралмандар, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қатарындағы табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлер болып табылады.

2020 жылдың 1 мамырына жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін 200 АЕК мөлшерінде 150 адамға 80,7 млн. теңгеге грант берілді.