Навигация

feed-image RSS Лента

Кіру сайты

Сенім телефоны

"АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ
ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК
БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ"
ММ СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ 
8 (7282) 32-92-61

Логотип"Рухани жаңғыру" бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылатын "Атамекен" бағдарламасын іске асыру барысында «Көмекке мұқтаж азаматтардың картасын» құру жөнінде мақсатты жұмыстар жүргізуде. Аталған жобаны іске асырудың негізгі бағыты - әлеуметтік жағынан аз қамтылған санаттағы мұқтаж адамдар туралы ақпараттарды интернет-порталда жүйелеу болып табылады.
Жобаны іске асырудың тетігі - көмекке мұқтаж 300 тұлғаға атаулы әлеуметтік көмек көрсетуде жергілікті атқарушы органдардың (аудандар, қалалар), ҮЕҰ мен еріктілердің бірлесіп атқарған жұмыстары болып табылады.
Қолдаудың әр түрлі көмегімен (материалдық, консультациялық көмек көрсету, дене еңбегімен және т. б.) ниет етушілер онлайн арқылы кез-келген адамға еш қиындықсыз материалдық көмек көрсете алады.
Жоба шеңберінде материалдық көмекке мұқтаж тұлғаларға (аз қамтылған, көп балалы тұл жетімдерге, жалғызбасты және көп балалы аналарға, жесірлерге) Қапшағай қаласы бойынша меценаттармен ("Green land" ЖШС, "Асантау инвест" ЖШС) 13 адамға сомасы 575 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, Қапшағай қаласының кәсіпкерлері "Туған жер" арнайы жобасын қолдап, 13 аз қамтылған отбасыларға қаржылай көмек көрсетті. Сонымен қатар 2017 жылдың 16 тамызында 20 мүмкіндігі шектеулі балалар қамқорлық пен ілтипатқа ие болды. Балалар үшін кәсіпкер Жаханбаев Б.О. Қапшағай көлінің жағасында ертеңгілік ұйымдастырды. Балалар суға түсіп, әр-түрлі концерттік бағдарламаға қатыстып, ойындар ойнады.
Райымбек ауданында акция аясында көп балалы отбасы балаларына, мүгедектерге меценаттармен (Асқаров Д. А. – 275 мың теңге, Тесбергенова М. Ы. – 20 мың теңге, Молдабаева Р. Р. – 20 мың теңге) сомасы 315 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.
Алғабас ауылдық округінен Рахимов Тұрсын «Қарттар күніне» орай 50000 ( елу мың) теңгеге, Ұзақ батыр ауылдық округінен Әшімбаев Мақсат 100 000 (жүз мың) теңгеге, Жалаңаш ауылдық олкругінен Оспанов Рахат 38 000 (отыз сегіз мың) теңгеге, Қақпақ ауылдық округінен Әбдікерімов Нұрлан 39 000 (отыз тоғыз мың) теңгеге, Тасашы ауылдық округінен Сұлтан Айдын 44 000 (қырық төрт мың) теңгеге, Ұзынбұлақ ауылдық округінен Асқаров Даулет 495 000 (төрт жүз тоқсан бес мың) теңгеге, Нарынқол ауылдық округінен Умбеталиев Саят 84 000 (сексен төрт мың) теңгеге, Жалаңаш ауылдық округінен Атембеков Ержан 200 000 (екі жүз мың) теңгеге, Сарыжаз ауылдық округінен Мүсірбаев Самат 44 000 (қырық төрт мың) теңгеге, Тұйық ауылдық округінен Ақжігітов Ұлас 42 000 (қырық екі мың) теңгеге, Шәлкөде ауылдық округінен Оразақынов Еркебұлан 33 000 (отыз үш мың) теңгеге, Шырғанақ ауылдық округінен Байбатыров Олжас 100 000 (жүз мың) теңгеге, Жамбыл ауылдық округінен Мұқатаев Мәлік 807 000 (сегіз жүз жеті мың) теңгеге, Кеген ауылдық округінен Әлжүнісова Әсемхан 319 000 (үш жүз он тоғыз мың ) теңгеге демеушілік көмек көрсетті. Барлығы: 2 395 000 (екі миллион үш жүз тоқсан бес мың) теңге демеушілік көрсетілді.
Балқаш ауданында меценаттармен (Досқараев Б. - 100 мың теңге, Давлетбаев. М. – 30 мың теңге) көпбалалы отбасылары мен жалғызбасты аналарға 130 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.
Панфилов ауданы бойынша «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Көмекке мәжбүр адамдардың картасы бойынша демеушілік есебінен тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға 327,6 мың тенге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.
Жумабаева Гүлімге 1 тонна көмір 19,0 мың теңгеге, Исламова Сахидамның 1 баласына мектеп формасы 7,0 мың теңгеге, Каймухамбетова Баянның 1 баласына спорттық киім 5,0 мың теңгеге, Сейткалиева Қарлығашқа 1 тонна көмір 19,0 мың теңгеге, 1 баласына мектеп формасы 15,0 мың теңгеге, Кабылбаева Нағимаға тұрғын үй құжаттарын рәсімдеуге байланысты кеңес беріліп, 1 баласына мектепке қажетті заттар 5,0 мың теңгеге, Даутова Алиямның 1 баласына мектеп формасы, аяқ киім, мектепке қажетті заттар 10,0 мың теңгеге, Аскарова Розаның 1 баласын Жаркент қаласындағы № 6 орта мектепке орналастыру үшін кеңес беріліп, бүгінгі күнде № 6 орта мектепте оқып жатыр, Сапарбаева Камшаттың екі баласына мектеп формасы 18,0 мың теңгеге, Касымжанов Амангельдіге 1 тонны көмір 18,0 мың теңгеге, Алгабаев Мураттың 4 баласына мектеп формасы 44,0 мың теңгеге, 1 тонна көмір 18,0 мың теңгеге, Сатыбаев Бейімбетке 1 тонна көмір 18,0 мың теңгеге, Калиакова Маржанның 2 баласына мектеп формасы 16,0 мың теңгеге, Умырбекова Сәуленің 4 баласына мектеп формасы 24,0 мың теңгеге, Молдахметова Нагзульдің 1 баласына мектеп формасы 8,0 мың теңгеге, Кунанбаева Айгүлге 3 тонна көмір 51,0 мың теңгеге, Толегенов Ербақыттың 1 баласына мектеп формасы 18,0 мың теңгеге, азық-түлік 8,1 мың теңгеге, Нурсапаева Светаға азық-түлік, 1 баласына мектеп формасы 15,5 мың теңгеге, Айтбаева Нұршаттың 3 баласына спорттық киімдер 15,0 мың тенге көлемінде көмектер көрсетілді.
2017 жылдың қазан-қараша айларында «Алпамыс» қоғамдық бірлестігімен жаңа жобаны енгізу бойынша сөйлеу және тірек-қимыл аппараты бұзылған санаттағы адамдарға қарым-қатынас құралдарын баламалы түрде енгізу жоспарланған. Бұл жобаның мақсаты қарым-қатынас - өмір негізі.
Сөйлеу қабілеті мен тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар үшін Швеция көмегімен әзірленген «Блисс тілін» 1549 мүгедек баланы оқыту жоспарлануда.
Әлеуметтік қызметкерлерді "Балама байланыс құралдары қарым-қатынас, сөйлеу және тірек-қимыл аппараты" атты семинар-тренинг өткізу үшін 100 әлеуметтік қызметкерге 2,9 млн. теңге қосымша қаражат бөлінді (ақпараттық материалдар және әкімшілік шығыстарға, әлеуметтік қызметкердің іссапар шығындарына).
2017 жылғы тамыз айының 25 күні Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Бәйтерек» күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», мақаласының аясында «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту», бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылатын «Туған жер» бағдарламасы бойынша «Туѓан жер – киесі, Дархан дарын иесі» тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Өткізілген іс-шарада балалардың өз қолдарымен жасалған бұйымдарының көрмелері, ойын алаңы арнайы мерекеге сай әр ауылдарға бөлініп безендірілген. Қазақ халқының ұлттық-мәдени және рухани мұрасы туралы көріністік қойылымдар, сонымен қатар түрлі спорттық жарыстар мен концерттік бағдарламалар өткізілді.
Іс-шараны ұйымдастырушылардың басты мақсаты – Балаларды туған жерге деген ыстық ықыластарын қалыптастырып, халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт – дәстүрлерін дәріптеу, бабалардан қалған ұлағатты қадір тұту, туған жеріне, ұлттық әдет – ғұрпына деген сүйіспеншілікке, отбасы арасындағы сыйластыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Дәлірек тоқталсақ, облысымыздың тумасы әнші, домбырашы, композитор, Қазақ КСР-інің халық артисі «Дәнеш Рақышев» атындағы ауылында қазақтың ежелгі салт-дәстүрінің бірі «Бесікке бөлеу» рәсімі өткізілді. Яғни Баланы бесікке салу қазақ халқы үшін мәртебелі қасиетті дәстүр. Себебі баланы бесікке бөлеуде баланың денесінің түзу болып өсуіне пайдасы өте зор, көшіп қонуға ыңғайлы. Баланы бесікке бөлеу рәсімі үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді анаға тапсырылған. Бұл рәсімде мекеме қызметкерлері келген қонақтарға қазақтың салт-дәстүрі «Бесікке бөлеу» рәсімін түсіндіріп, қысқаша қойылым көрсетті.
Келесі көріністе облысымыздың тумасы, айтыскер ақын Сара Тастанбекқызының ауылында айтыс өнерінен үзінді көруге болады. Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Сара Тастанбекқызының Біржан салмен айтысы ғасырдан ғасырға үзілмей жалғасып келе жатқан қазақтың айтыс өнерінің шоқтығы биік, көркем үлгісі болып саналады. Осыған сәйкес дефектолог мұғалім мен мекемеде қызмет алушы Асқарбеков Қуаныш, Сара Тастанбекқызы мен Біржан салдың айтысынан шағын көрініс көрсетіп өтті.
Келесі қазақтың әйгілі халық ақыны, композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Кенен Әзірбаев ауылында «Тұсау кесер» рәсімі өткізілді. Тұсау кесу бала жаңадан тәй-тәй басқанда жасалатын думанды дәстүр. Оның мақсаты бала тез жүріп, біреудің ала жібін аттамай, бүлінгеннен бүлдіргі алмай, адал болуды құлағына сіңіріп өсіру болып табылады. Осыған сәйкес «Жалын» тобының қызметкерлері «Тұсау кесер» рәсіміне дайындаған көрінісін көрсетіп өтті.
Келесі кезекте қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин ауылында тілашар рәсімі өткізілді. Тілашар рәсімінің мақсаты баланың ой-өрісін кеңейту, тілін дамыту, оқуға, білімге деген қызығушылығын арттыру, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу болып табылады.
Бір сәт балалық шаққа оралу мақсатында дене шынықтыру мұғалімінің дайындаған спорттық ойындары барлық келген қонақтарымыздың көңілін көтеріп, бір серпілтіп жіберді. Келесі кезекте облысымыздың тумасы, шығармалары сан салалы, көп қырлы ақын, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіров ауылында ежелгі салт дәстүріміз қыз ұзату тойы ұйымдастырылды. Қыз ұзату салт дәстүрінің басты маңызы – ұзатылған қызға барған жеріне балдай батып, судай сіңіп, тастай қатып, барған елінің, өз арының, жан жарының алдында ұятқа қалмай, абыройлы, ардақты болуын бойына сіңіру болып табылады. Осы мақсатта мекеме қызметкерлерінің арнайы дайындаған қыз ұзату рәсімі қойылды.
Артынша, мерекелік концерттік бағдарлама өткізілді. Концерттік бағдарламада қызмет алушы балалар өз өнерлерін барша келген қауымға көрсете білді. Атап айтқанда: Аслан Оралхан «Туған жер» әні, «Батырлар» биі – бишілер тобы, «Казахстан» биі - Максим Тен, Илья Михнович.
Шулы аспаптар ансаблі «Коробейники» әні, «Батырлар ұраны» әні, «Қазақ елі» хор.
Соңында, ата-аналар тарапынан «Жұлдыз» тобында қызмет алушы Батырбеков Алмастың анасы, «Қызғалдақтар» тобындағы қызмет алушы Өміртай Айболдың анасы барлық Бәйтерек орталығының ұжымына алғысын білдірді. Балалардың көңілдерін көтеру, олардың қызығушылықтарын ояту, қоғамға кіріктіру, өздерінің бойларындағы өнерлерін тартынбай көрсете білу мақсатында үнемі осындай тамаша мерекелер ұйымдастырып өткізіп жүргендеріне, осы орталыққа келген уақыттан бері балаларының бойында оң өзгерістерінің байқалғандығы жайлы айтып, ризашылығын білдірді.
Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарих¬тың шаңына көміліп қала береді деп Елбасымыз айтқандай «Туған жер-киесі, Дархан дарын иесі» Елбасы, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бойынша өткізілген мәдени шарамыз осылайша тартымды аяқталды.

Подкатегории

Хабарландырулар

Мемлекеттік қызмет

gos sl kz

etikagos sl ru