Жексенбі, 05 Сәуір 2020

АӘК отбасының барлық мүшелеріне жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі мен кедейлік шегінің айырмашылығы ретінде (ең төменгі күнкөріс деңгейі 21 505 теңге кедейлік шегінің 70%) тоқсан сайын хабарласқан айдан бастап тағайындалады.

Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға ҚҰҚЫҒЫ БАР.

ЕСКЕРТУ: еңбекке қабілетті азаматтар үшін талап күшейтілді, егер ол жұмысқа орналасудан бас тартқан жағдайда, өтініш беруші ғана емес отбасының еңбекке қабілетті барлық мүшелері АӘК алу құқығын жоғалтады.

Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттыңболуы міндетті  (табыс туралы мәліметтер «Е-Халық» АЖ-нен алынады).

Толығырақ...

«Дарындар іске!» атты облыстық жобасы  10 қазан мен 20 қазан аралығында 16 мен 45 жас аралығындағы дарынды мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ұйымдастырылады.
Жобаның мақсаты: мүмкіндігі шектеулі азаматтардық бойындағы дарынын анықтап, сол арқылы бизнестерін құруға ықпал ету, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыру, қанаттандыру. Осы бағдарлама арқылы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жұмысқа тұруына ықпал ету, олардың келелі мәселелерін анықтап, шешу жолдарын қарастыру. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бизнесті бастау және оны қалай құру бойынша бизнес-сабақтар беріп, сауаттылығын арттыру.

faffcbb7c643d246f3fe1f43783d9f6aҚазіргі уақытта атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың жаңа механизмі енгізілді.
Біріншіден, 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийі бір адамға ең төменгі күнкөріс деңгейінен 50%-дан 70%-ға дейін, яғни 14 849теңгеден 20 789 теңгеге дейін арттырылды.
Екіншіден, ай сайын аз қамтылған отбасының әрбір баласына күнкөріс деңгейінің 70%-ы мөлшерінде кепілдендірілген көмек (20 789 теңге) көрсетіледі. Отбасының ересек мүшелері үшін атаулы әлеуметтік көмек критерийімен адам басына шаққандағы орташа табыстың арасындағы айырма ретінде тағайындалады. (20789 тенге немесе күнкөрі деңгейінің 70%(29698 теңге).
Үшіншіден, 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмек тағайындаған кезде отбасының жиынтық табысынан көп балалы отбасыларға және «Күміс алқа»және «Алтын алқа» төс белгілерімен марапатталған көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ мүгедектігі бойынша балаларға берілетін жәрдемақылар,студеннтер шәкіртақысы алып тасталды.
Төртіншіден, сұратылатын құжаттарды оңтайландыру арқылы АӘК тағайындау рәсімі жеңілдетілді. Барлық қажетті құжаттар мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен сұратылады.
2019 жылы жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке 23,2 млрд.теңге сомасында қаражат бөлінді (РБ - дан - 20,6 млрд. теңге, ЖБ-2,6 млрд. теңге).
2019 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекпен 40972 отбасына (209747 отбасы мүшелері) 12 568 млн. теңгеге көмек тағайындалды.
Шартты ақшалай көмек 32362 отбасына (175790 отбасы мүшелеріне) 10740,2 млн.теңге сомасында,шартсыз ақшалай көмек 8610 отбасына (33957 отбасы мүшелеріне) 1827,8 млн. теңге сомасында тағайындалды.
АӘК алушылардан еңбекке қабілетті азаматтардың барлығы 68761 адам, оның ішінде:
- жұмыссыздар - 2043 адам;
– өзін-өзі жұмыспен қамтығандар-4765 адам;
- өтініш берген кезде жұмысы барлар -28335 адам;
– балаларды күтумен айналысатындар-32809 адам;
- басқалары (әлеуметтік-маңызды аурулармен ауыратын адамдар (туберкулез, онкологиялық аурулар, АИТВ және т.б.) - 809 адам.
2019 жылы Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 4934 адам қамтылды, оның ішінде:
Тұрақты жұмыс орындарына 3446 адам орналастырылды;
Қоғамдық жұмыстарға – 724 адам жіберілді;
Әлеуметтік жұмыс орындарына – 113 адам жіберілді;
Қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға – 613 адам жіберілді;
Жастар тәжірибесіне 21 адам жіберілді;
Азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларына жәрдемдесу-17 адам.

Облыс бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарына аз қамтылған 118,2 мың астам азаматтарға 3833,3 млн. теңге мөлшерінде әртүрлі әлеуметтік көмектер көрсетілді.
Оның ішінде:
Тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үй көмегі 8492 отбасына 336,2 млн. теңге мөлшерінде төленді.
Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын 1682 отбасына 76,8 млн. теңге көлемінде төленді.
Туберкулез індетімен ауыратын 1106 азаматқа 71,2 мың млн. теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілді.
2019 жылдың 1 қаңтарына 150 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне қосымша тұрмыстық-коммуналдық жеңілдіктерге 9,6  млн. теңге және мерекелік және естелік даталарға 2602 адамға 143,6 млн. теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілді.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері енгізілді, атаулы әлеуметтік көмек – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлік шегінен аспайтын отбасыларына   шартсыз ақшалай көмек және шартты ақшалай көмек түрінде көрсетіледі.
Жаңа форматтағы (АӘК) атаулы әлеуметтік көмекті іске асыру үшін облыс бойынша  12931 отбасын (60000 адам)  қамту мақсатында  2527,7 млн. теңге қаржы қаралды, оның ішінде республикалық бюджеттен 1791,6 млн. теңге және жергілікті бюджеттен 736,1 млн. теңге.
2019 жылдын 1 қаңтарына 11419 отбасына (58768 адам) 2554,9 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
Оның ішіндегі, еңбекке қабілетті 3140 азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды: тұрақты жұмыс орындарына – 1815 адам орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға -751 адам жіберілді, әлеуметтік жұмыс орындарына – 113 адам жіберілді, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға – 425 адам жіберілді, жастар тәжірибесіне - 21 адам жіберілді, азаматтардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесу – 15 адамға көрсетілді .