Жексенбі, 05 Сәуір 2020

Төтенше жағдай енгізілуіне байланысты Алматы облысының атаулы әлеуметтік көмек алушыларға мемлекет тарапынан қосымша көмек көрсетілуде.

ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға қосымша материалдық көмек көрсетілді.

Алматы облысы бойынша алты жастан он сегіз жасқа дейінгі 22 521 балаға 2 АЕК көлемінде қосымша материалдық көмек төленді.

Қарасай ауданының тұрғыны Лахаева Әйгүл мемлекет тарапынан көрсетілген көмекке өте риза. Ай сайын 84 мың теңгеден астам алатын әлеуметтік көмектен бөлек, төтенше жағдай орнауына байланысты, азық-түлік және тұрмыстық заттар үшін үш баласына 15 мың теңгеден астам әлеуметтік көмек көрсетілді.

АӘК белсенді формат ауысуы

Бейсенбі, 19 Наурыз 2020 12:47

Әкімдіктер мен халықты жұмыспен қамту орталықтарында адамдардың жаппай шоғырлануын болдырмау мақсатында атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) белсенді форматта тағайындалады.
Бірінші кезекте жәрдемақы тұратын мекенжайы және табыс деңгейі өзгермеген отбасыларға тағайындалады. Әлеуметтік көмекті қайта тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша тіркеу, жылжымайтын мүліктің, көліктің болуы, табысы және т. б. деректерді тексеру жүргізіледі. Егер отбасының құрамы өзгермеген жағдайда өтініштер қолда бар деректер негізінде қалыптастырылады. Барлық ақпарат, сондай-ақ хабарламалар электрондық пошта және мессенджерлер арқылы жіберілетін болады.

Алғыс айту күні аталып өтті

Дүйсенбі, 02 Наурыз 2020 12:53

2.03.20-2

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 173 Жарлығына сәйкес, Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған 1 наурыз – елімізде Алғыс айту күні деп жарияланды.
Алғыс айту күні – ел дамуының қазіргі кезеңінде мерекеленетін, ортақ тарихымызға негізделген азаматтық бірегейлік пен бірлікті нығайтуға және дамытуға ықпал ететін мейрам. Бұл – біздің өткен тарихымызға деген тағзымның белгісі, әралуан ұлт өкілдерінің бір-біріне өзара қолдау және құрмет білдіруінің айғағы.
Аталған мереке Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қарамағындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында «Алғысым шексіз бәріне!», «Алғыс айту -парызымыз», «Мың алғыс», «Ел алғысын алсаң-елеулісі боларсың!», т.б. тақырыптарда атап өтілді.