Кіру сайты

IMG 42752017 жылдың 28-29 тамыз күндері Талдықорған қаласында Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының жұмыс берушілердің қатысуымен өңіраралық бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді.

Аталған жұмыс орындары жәрмеңкесіне солтүстік өңірлердегі 236 жұмыс беруші облыс тұрғындарына білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік басқару, ауылшаруашылық пен құрылыс салалары бойынша 712 бос жұмыс орындарын ұсынды.

 Жәрмеңкеге Алматы облысының 16 аудан және 3 қаласынан 604 адам қатысып, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде тұрақты жұмысқа орналасу мақсатында өз еркімен қоныс аудару туралы кеңес алды.

Жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету, өңірлердегі диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздікті жою мақсатында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» (ары қарай Бағдарлама) шеңберінде өз еркімен қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығы ынталандырылады.
2017 жылдың 28 тамыз күні Талдықорған қаласындағы Жастарға қызмет көрсету орталығында Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының жұмыс берушілердің қатысуымен өңіраралық бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізіледі.
Олармен 236 жұмыс берушілерден 712 вакансиялар ұсынылатын болады.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен ағымдағы жылы 20 қыркүйекте Астана қаласында алғаш рет Қазақстан Республикасы әлеуметтік қызметкерлерінің форумы өткізіледі.
Форумды өткізудің мақсаты:
- халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде әлеуметтік қызметкерлердің рөлін күшейту;
- олардың қазіргі қоғамдағы рөлін және әлеуметтік сала дамуына қосқан үлесін мойындау;
- жинақталған тәжірибені жалпылау және саланы дамытудың негізгі бағдарларын белгілеу болып табылады.
Сонымен қатар, Форум шеңберінде жыл сайынғы «Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» республикалық көрмесін және үздік әлеуметтік жобалардың авторларын салтанатты марапаттау рәсімін өткізу көзделіп отыр.

Концепция проведения Форума социальных работников Республики Казахстан

130720172017 жылдың 10-11 шілде күндері Еңбекшіқазақ, Іле аудандарында Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының жұмыс берушілердің қатысуымен өңіраралық бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді.
Аталған жұмыс орындары жәрмеңкесіне солтүстік өңірлердегі 342 жұмыс беруші облыс тұрғындарына білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік басқару, ауылшаруашылық пен құрылыс салалары бойынша 1223 бос жұмыс орындарын ұсынды.

Террористік актілерді болдырмау жөніндегі
халыққа арналған жадынама

Мұқият болыңыздар! Үйіңіздің кіреберісіндегі, аулаларыңыздағы, көшедегі бөгде заттар мен адамдарды дер кезінде өздеріңіз ғана байқай аласыздар.

Қырағы болыңыздар! Маңайдағы адамдардың жүріс-тұрысына, орынсыз жатқан иесіз мүліктер мен заттарға көңіл аударыңыздар.

Үйлеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіздер: кіреберісте  домофонымен темір есік орнатыңыздар, жертөлелер, үй шатырлары және техникалық ғимарат есіктерінің ашық - жабықтығын тексеріңіздер.

Көліктегі жолаушының күдікті жүріс-тұрысын көріп тұрып, байқамаған сыңай танытпаңыздар! Сіздер көлікпен жүру қауіпсіздігін сақтауға толық құқыларыңыз бар.

Ешқашан, тіпті, өте қауіпсіз болса да, қандай да бір сақтау немесе басқа біреуге беру үшін біреудің қолынан зат алмаңыздар.

Адамдар аз (иесіз) жерде күдік тудыратын затты тауып алу сіздің сақтығыңызды әлсіретуге тиіс емес. Қаскөй адам оны бір нәрседен, біреуден қорыққандықтан тастай қашуы мүмкін.

Тіпті, сіздің жарылғыш құрылғыларын білетін жеке тәжірибеңіз болса да, онымен бір нәрсе жасауға тырыспаңыз. Өздігінен жарылғыштар өте сезімтал және әккі болып келеді.

Күдік тудыратын затқа жақындамаңыздар, тіпті қол тигізбеңіздер,      бұл - өмірлеріңізге өте қауіпті.

Балаларыңызға қауіпсіздік шараларын: бейтаныс адаммен көшеде сөйлесуге, үйде есік ашуға, жерде жатқан иесіз ойыншықты алуға, көзге түскен затқа жақындауға болмайтынын және т.б. үйретіңіздер. 

EXPO 2017

3
25let
expo2017 logo kz
egov kz
Халықты жұмыспен қамту және Жұмыспен қамту 2020 жол картасының іске асырылу барысы
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына Жолдауы
1512
Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары
Жұмыспен қамту 2011-2020
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы

 


 

Сот кабинетінің sovet ru ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ Қазақстан республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ресми интернет қоры akorda kz modernization kz