Түс схемасы C C C C
Размер шрифта: A A A
Сурет:
  • 040000, Алматинская область, г.Талдыкорган, ул.Кабанбай батыра, 26
  • 8 (7282) 32-92-61
  • almobltrud@zhetysu.gov.kz
Азаматтардың өтініштері

Басқарманың қызметі

Алматы облысында Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек туралы

03.06.2019

Количество просмотров: 43

Қазіргі уақытта атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың жаңа механизмі енгізілді.

Біріншіден, 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийі бір адамға ең төменгі күнкөріс деңгейінен 50%-дан 70%-ға дейін, яғни 14 849теңгеден 20 789 теңгеге дейін арттырылды.

Екіншіден, ай сайын аз қамтылған отбасының әрбір баласына күнкөріс деңгейінің 70%-ы мөлшерінде кепілдендірілген көмек (20 789 теңге) көрсетіледі. Отбасының ересек мүшелері үшін атаулы әлеуметтік көмек критерийімен адам басына шаққандағы орташа табыстың арасындағы айырма ретінде тағайындалады. (20789 тенге немесе күнкөрі деңгейінің 70%(29698 теңге).

Үшіншіден, 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмек тағайындаған кезде отбасының жиынтық табысынан көп балалы отбасыларға және «Күміс алқа»және «Алтын алқа» төс белгілерімен марапатталған көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ мүгедектігі бойынша балаларға берілетін жәрдемақылар,студеннтер шәкіртақысы алып тасталды.

Төртіншіден, сұратылатын құжаттарды оңтайландыру арқылы АӘК тағайындау рәсімі жеңілдетілді. Барлық қажетті құжаттар мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен сұратылады.

         Біздің облыста 40 мыңнан астам көп балалы отбасында 165 мың бала тәрбиеленіп отыр. Бүгінгі күні жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға 23676 өтініш қабылданды. Ауыспалы контингент бойынша автоматты қайта есептеу 6086 отбасын, АӘК алушылардың жалпы қамтылуы 29 762 отбасын құрады (155 509 отбасы мүшесі).

         27 мамырдағы жағдай бойынша 27 442 отбасына (143 445 отбасы мүшесі) жалпы сомасы 2 млрд.589 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек төленді, 2 320 отбасына табысының артуымен байланысты бас тартылды.    

         2019 жылы атаулы әлеуметтік көмек төлеуге 13,5 млрд.теңге бөлінді (РБ - 12,1 млрд. теңге, ЖБ - 1,4 млрд. теңге).

         Екі ай ішінде (сәуір, мамыр) АӘК төлеуге шығыс 4 млрд.510 млн. теңгені немесе жылдық бюджеттің 33,3% - ын құрады.

         Шартты ақшалай көмек алушылардың жалпы санынан (еңбекке жарамды 16916 адам) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 3 101 адам тартылды, оның ішінде:


Тұрақты жұмыс орындарына – 1762 адам орналастырылды;

Қоғамдық жұмыстарға -710 адам жіберілді;

Әлеуметтік жұмыс орындарына – 92 адам жіберілді;

Қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға 515 адам жіберілді;

Жастар тәжірибесіне - 18 адам жіберілді;

Азаматтардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесу – 4 адамға көрсетілді.