Түс схемасы C C C C
Размер шрифта: A A A
Сурет:
  • 040000, Алматинская область, г.Талдыкорган, ул.Кабанбай батыра, 26
  • 8 (7282) 32-92-61
  • almobltrud@zhetysu.gov.kz
Азаматтардың өтініштері

Басқарманың қызметі

Алматы облысында Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек туралы

01.08.2019

Количество просмотров: 5

Қазіргі уақытта атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың жаңа механизмі енгізілді.
Біріншіден, 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийі бір адамға ең төменгі күнкөріс деңгейінен 50%-дан 70%-ға дейін, яғни 14 849теңгеден 20 789 теңгеге дейін арттырылды.
Екіншіден, ай сайын аз қамтылған отбасының әрбір баласына күнкөріс деңгейінің 70%-ы мөлшерінде кепілдендірілген көмек (20 789 теңге) көрсетіледі. Отбасының ересек мүшелері үшін атаулы әлеуметтік көмек критерийімен адам басына шаққандағы орташа табыстың арасындағы айырма ретінде тағайындалады. (20789 тенге немесе күнкөрі деңгейінің 70%(29698 теңге).
Үшіншіден, 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмек тағайындаған кезде отбасының жиынтық табысынан көп балалы отбасыларға және «Күміс алқа»және «Алтын алқа» төс белгілерімен марапатталған көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ мүгедектігі бойынша балаларға берілетін жәрдемақылар,студеннтер шәкіртақысы алып тасталды.
Төртіншіден, сұратылатын құжаттарды оңтайландыру арқылы АӘК тағайындау рәсімі жеңілдетілді. Барлық қажетті құжаттар мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен сұратылады.
2019 жылы жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке 23,2 млрд.теңге сомасында қаражат бөлінді (РБ - дан - 20,6 млрд. теңге, ЖБ-2,6 млрд. теңге).
2019 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекпен 40972 отбасына (209747 отбасы мүшелері) 12 568 млн. теңгеге көмек тағайындалды.
Шартты ақшалай көмек 32362 отбасына (175790 отбасы мүшелеріне) 10740,2 млн.теңге сомасында,шартсыз ақшалай көмек 8610 отбасына (33957 отбасы мүшелеріне) 1827,8 млн. теңге сомасында тағайындалды.
АӘК алушылардан еңбекке қабілетті азаматтардың барлығы 68761 адам, оның ішінде:
- жұмыссыздар - 2043 адам;
– өзін-өзі жұмыспен қамтығандар-4765 адам;
- өтініш берген кезде жұмысы барлар -28335 адам;
– балаларды күтумен айналысатындар-32809 адам;
- басқалары (әлеуметтік-маңызды аурулармен ауыратын адамдар (туберкулез, онкологиялық аурулар, АИТВ және т.б.) - 809 адам.
2019 жылы Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 4934 адам қамтылды, оның ішінде:
Тұрақты жұмыс орындарына 3446 адам орналастырылды;
Қоғамдық жұмыстарға – 724 адам жіберілді;
Әлеуметтік жұмыс орындарына – 113 адам жіберілді;
Қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға – 613 адам жіберілді;
Жастар тәжірибесіне 21 адам жіберілді;
Азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларына жәрдемдесу-17 адам.