Түс схемасы C C C C
Размер шрифта: A A A
Сурет:
  • 040000, Алматинская область, г.Талдыкорган, ул.Кабанбай батыра, 26
  • 8 (7282) 32-92-61
  • almobltrud@zhetysu.gov.kz
Азаматтардың өтініштері

Басқарманың қызметі

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек

Мемлекет Басшысының жаңа әлеуметтік саясатты қалыптастыру және мұқтаж жандарға көмек көрсетуді күшейту жөніндегі тапсырмасына сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік келісім шартқа негізделген атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері енгізілді.
Жаңа форматағы АӘК еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің бар екендігін ескере отырып, шартты және шартсыз ақшалай көмек күнкөріс деңгейінің (28284 теңге) 50% -нан төмен, (Алматы облысы бойынша 2018 жылдың 3-ші тоқсанына кедейлік шегі – 14142 теңгені құрады) табысы бар отбасыларға беріледі және олар жұмысқа орналасуға жәрдемдесу шараларына қатыса алады.
Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері «Өрлеу» жобасы аясында сынақтан өткізіле отырып, өзінің тиімділігін көрсетті. «Өрлеу» жобасын іске асыру кезеңінде құрамында 8001 адам бар 1372 отбасы жобаға қатысқан болатын. Бұл мақсатқа 350,3 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде жобаның 1591 еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысты.
2017 жылдың қорытындысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен тұратын халықтың үлес салмағы обыс көлемінде 2,4%-ды құрады, Республика бойынша -2,6 %.
Сонымен қатар 2018 жылдың 1-ші тоқсанының қорытындысы бойынша, ең төменгі күнкөріс деңгейінің жаңа құрылымы бойынша бұл көрсеткіш облыс көлемінде 2,7 % (қала бойынша – 3,9%, ауыл бойынша – 2,4%) республикалық көрсеткішпен салыстырғанда 1,4 % төмен немесе оң көрсеткішпен болып табылады.
Облыс бойынша 2018 жылы Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті ендіруге 32594 отбасын (162970 адам) қамту үшін 2388,2 млн. теңге бөлінді (РБ–1791,5 млн.теңге, ЖБ-596,6 млн. теңге).
Осы жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті әрбір елді мекенде сүймелдеу үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмыскерлері ретінде 110 ассистент пен 22 консультант жұмыс жасауда ( 16 аудан 3 қала, 246 ауылдық округтер).
2018 жылдың 1 тамызына Жаңа форматтағы әлеуметтік көмек 9819 отбасына (50353 адам) 1268,9 млн.теңге көлемінде тағайындалды. Оның ішінде:
- шартсыз ақшалай көмек 2211 отбасына (8803 адам) 314,4 млн. теңге;
- шартты ақшалай көмек 7608 отбасына (41550 адам) 954,5 млн. теңге көлемінде тағайындалды.
Жыл соңына дейін атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішіндегі еңбекке қабілетті 8278 азаматты жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамту жоспарланып отыр.
Ағымдағы жылдың 1 тамызына шартты ақшалай көмекті алушылардың ішіндегі, еңбекке қабілетті 2548 азаматтар жұмыспен қамтудың келесі шараларымен қамтылды:
- тұрақты жұмыс орнымен – 1332 адам;
- қоғамдық жұмыс орнына – 674 адам;
- әлеуметтік жұмыс орнына – 128 адам;
- қайта даярлауға– 387 адам;
- жастар практикасына – 17 адам жіберілді;
-азаматтар мен оралмандардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесу – 9 адам.
Жеке істерін және жеке қосалқы шаруашылықтарын дамыту үшін 105 отбасы біржолғы әлеуметтік көмек алды.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті халық арасында насихаттау жұмыстары өз нәтижесінде беруде, мысалы Көксу, Ескелді аудандарында және Талдықорған қаласында қысқа мерзімді оқуларын аяқтаған әйел адамдар тігін машиналарын алып, өз отбасыларының табыстарын арттыруда.