Түс схемасы C C C C
Размер шрифта: A A A
Сурет:
  • 040000, Алматинская область, г.Талдыкорган, ул.Кабанбай батыра, 26
  • 8 (7282) 32-92-61
  • almobltrud@zhetysu.gov.kz
Азаматтардың өтініштері

Басқарманың қызметі

Әлеуметтік көмек көрсету

Облыс бойынша 2018 жылдың 1 тамызына 71,8 мың астам азаматтарға 1762,2 млн. теңге мөлшерінде әртүрлі әлеуметтік көмектер көрсетілді.
Оның ішінде:
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» туралы заңына сәйкес, кедейлік деңгейінен төмен тұратын адамдарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетіліп келеді.
Кедейлік деңгейінен төмен тұратын 50353 адамға 1210,0 млн. теңге сомасында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төленді.
Тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үй көмегі 4412 отбасына 204,4 млн. теңге мөлшерінде төленді.
Мүгедек балаларды үйде оқытатын 1449 отбасына 43,6 млн. теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді.
Туберкулез індетімен ауыратын 871 азаматқа 38,8 млн. теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілді.
Ауылдық жерде тұратын білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет салаларының 10697 қызметкеріне отын сатып алу үшін біржолғы көмек 128,6 млн. теңге төленді.
126 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне қосымша тұрмыстық-коммуналдық жеңілдіктерге 4,0 млн. теңге төленді.
Мерекелік және естелік даталарға 2601 адамға 143,6 млн. теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек төленді.
Облыс бойынша аз қамтылған отбасыларынан шыққан жоғары және орта оқу орындарында оқитын 4 студентке 1,2 млн. теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді.