Түс схемасы C C C C
Размер шрифта: A A A
Сурет:
  • 040000, Алматинская область, г.Талдыкорган, ул.Кабанбай батыра, 26
  • 8 (7282) 32-92-61
  • almobltrud@zhetysu.gov.kz
Азаматтардың өтініштері

Басқарманың қызметі

Әлеуметтік көмек

Облыс бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарына аз қамтылған 118,2 мың астам азаматтарға 3833,3 млн. теңге мөлшерінде әртүрлі әлеуметтік көмектер көрсетілді.
Оның ішінде:
Тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үй көмегі 8492 отбасына                 336,2 млн. теңге мөлшерінде төленді.
Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын 1682 отбасына 76,8 млн. теңге көлемінде төленді.
Туберкулез індетімен ауыратын 1106 азаматқа 71,2 мың млн. теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілді.
2019 жылдың 1 қаңтарына 150 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне қосымша тұрмыстық-коммуналдық жеңілдіктерге 9,6  млн. теңге және мерекелік және естелік даталарға 2602 адамға 143,6 млн. теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілді.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері енгізілді, атаулы әлеуметтік көмек – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлік шегінен аспайтын отбасыларына   шартсыз ақшалай көмек және шартты ақшалай көмек түрінде көрсетіледі.
Жаңа форматтағы (АӘК) атаулы әлеуметтік көмекті іске асыру үшін облыс бойынша  12931 отбасын (60000 адам)  қамту мақсатында  2527,7 млн. теңге қаржы қаралды, оның ішінде республикалық бюджеттен 1791,6 млн. теңге және жергілікті бюджеттен 736,1 млн. теңге.
2019 жылдын 1 қаңтарына 11419 отбасына (58768 адам)                           2554,9 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
Оның ішіндегі, еңбекке қабілетті 3140 азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды: тұрақты жұмыс орындарына – 1815 адам орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға -751 адам жіберілді, әлеуметтік жұмыс орындарына – 113 адам жіберілді, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға – 425 адам жіберілді, жастар тәжірибесіне - 21 адам жіберілді, азаматтардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесу – 15 адамға көрсетілді .